Ол өз ұлының мұндай іске барғанына сене алмай отырғанын айтты.
«Ата-ана ретінде бұл жағдай біз үшін үлкен соққы болды. Ұлымыз Ернар осындай іске барды дегенге әлі күнге дейін сене алмай отырмыз. Болған жағдайға қатты өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, шын жүректен, бүкіл отбасымызбен Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді ол.
Сонымен қатар Пралиев тергеу әділ өтеді деген үмітін білдіріп, келінінің бұл іске қатысы жоқ екенін баса айтты:
«Ең бастысы келінімізді бұл жағдайға араластырмауларыңызды өтінеміз. Оның бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Ол Руслан Берденовты ешқашан көрмеген, танысы да емес», — деді Жиембай Пралиев.