Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Руслан Берденовті атқан қылмыскердің қалай ұсталғанын айтып берді. Оның сөзінше, жүргізуші Берденовке оқ атылғаннан кейін жедел әрекет етіп, көмекке келген.
«Әкімдіктің айналасында камералар толып тұр. Шабуылдаушы әкімдіктің автотұрағындағы көлікте отырған. Ол жерден қашып шыққан. Біз айтқанымыздай, Берденовтың жүргізушісі дереу әрекетке көшкен. Берденовтің жүргізушісі ғана емес, полиция өкілдері де жедел әрекет етті. Сондықтан оны уақтылы ұстап алды», - деді Сәрсен Құранбек.