Ақпараттық науқандардың болмауы, алдын алу шараларының жеткіліксіздігі және бауырды тексеруге қатысты кеш ұсынылатын кеңестер — қант диабеті мен семіздікке шалдыққан адамдардың бауыр ауруларының ерте белгілерін байқамай өткізіп алуына себеп болады. Бұл өз кезегінде аурудың кеш анықталуына және науқастың жағдайының нашарлауына әкеліп соғады.
Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 44%-ы 2-типті қант диабеті мен бауыр қызметінің бұзылыстары арасындағы байланыс жөнінде білмейтіндерін айтқан. Тек 18%-ы бұл тәуекел туралы хабардар болса, 36%-ы бұл мәліметпен жартылай ғана таныс.
Сұралғандардың 20%-ы бауырын үнемі тексертіп тұратынын айтса, 52% оны анда-санда ғана істейтінін, ал 27% мүлдем тексерілмейтінін көрсеткен. Бұл — бауыр ауруларының көпшілігі симптомсыз өтетінін ескерсек, аса қауіпті.
Сауалнамада респонденттердің 36%-ы бауыр ауруларының негізгі себебі ретінде дұрыс тамақтанбау мен алкогольді атаған. 20% — семіздік пен ұйқының жеткіліксіздігін, ал тек 14% ғана — қант диабетін негізгі қауіп факторы ретінде көрсеткен.
Сауалнама халықтың елеулі бөлігінде алаңдатарлық белгілер бар екенін көрсетті:
• 47% — жиі шаршайды
• 25% — оң қабырға астында ауырсыну сезінеді
• 3% — терісі мен көзі сарғайған
• 24% — мұндай белгілерді байқамаған
Сонымен қатар:
• 25% — өз бетімен емделуді қалайды
• 51% — тек симптомдар күшейгенде ғана дәрігерге барады
• 23% — дереу маманға жүгінеді