Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

18 млн пара алған сот сотталды

Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллин мен онымен бірге әрекет еткен жеке сот орындаушысы Ринат Жанахметовке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды newsroom.kz 

18 млн пара алған сот сотталды
фото: Jurtmedia

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкіміне сәйкес, Б. Шайдуллин 9 жылға, ал оның серіктесі Р. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта олардың заңсыз сыйақы алу арқылы алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені атап өтілген. Тергеу материалдарына сәйкес, олар сотталушыға жеңіл жаза тағайындауға уәде беріп, 18 миллион теңге көлемінде пара алған.

Сонымен қатар, сот үкімімен екі тұлға да өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Аталған сот үкімі әзірге заңды күшіне енбеген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату