Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Депутат: Былтыр алиментке қатысты проблемалық істер 12 мыңнан асты

2024 жылдың қорытындысы бойынша алимент өндіру бойынша проблемалық істер саны 12 мыңнан асып, балалар алдындағы берешек шамамен 17 миллиард теңгені құраған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Қазақстандағы жеке сот орындаушылар институтын дамыту мәселелері жөніндегі Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Депутат: Былтыр алиментке қатысты проблемалық істер 12 мыңнан асты
Фото: Абзал Қалиев

— Әлеуметтік маңызы жоғары істердің бірі – алимент өндіру. 2024 жылы бұл саладағы проблемалық істер 12 мыңнан асты, ал балалар алдындағы қарыз 17 млрд теңгеге жуықтады, – деді депутат.

Оның айтуынша, алимент төлемеудің басты себептері – борышкерлердің тұрақты жұмысы мен табысының болмауы және табысын жасыруы.

— Соңғы екі жылда соттарға 17 мыңға жуық шағым түскен, – деп қосты Еспаева.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату