"Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионатын жеңіп алды. 2022 жылы ол финалда бізге қарсы (пенальтиді қосқанда) төрт рет гол соқты, бірақ жеңе алмады. Бұл ақылсыздық. Мен 2014 жылы да сондай сезімде болдым - бұл азап болды. Мен әлі де өткенге қарап: "Мен екі дүркін әлем чемпионы бола алар едім" деп ойлаймын", - деді Месси.
Айта кетелік,Килиан Мбаппе жазғы трансферлік терезеде Реал Мадридке қосылды және Лос-Бланкоспен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Осы уақыт ішінде футболшы барлық турнирлерде 50 матч өткізіп, 33 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.