Бұл жоба оңтүстік өңірлердегі энергетикалық қауіпсіздікті күшейтеді. 800 миллиард теңге жұмсалатын құрылысқа 280 гектар жер бөлінді. Қондырғы толық іске қосылғанда аймақтағы электр қуатына деген тапшылық жойылып, жұмыс орындары ашылады. Жоба Мемлекет басшысының Қатар еліне жасаған ресми сапары кезінде келісілген. Қосымша инфрақұрылым ретінде Қызылордадан Жезқазған және Шымкент бағыттарына жоғары кернеулі электр желілері тартылады. Мамандардың айтуынша, 2028 жылы іске қосылатын бұл жоба еліміз үшін стратегиялық маңызға ие.
Медет Усаин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Сонымен қатар осы жаңа бу қазандығына және осы оңтүстік өңірлерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының екінші желісі салынады деп жоспарланып отыр. Жалпы бұл газ желісінің ұзақтығы 1500 шақырымды құрайды. Соның 843 шақырымы біздің Қызылорда облысының территориясымен өтеді деп отырмыз.