ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, KAZ-06 халықаралық бағыты бойынша («РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – ҚХР шекарасы») Қызылордадан Ақтөбеге қарай бет алған SITRAKмаркалы жүк көлігінің жүргізушісі ірі габаритті жүктің биіктігін ескерместен қозғалып, жол үстіндегі жаяу жүргінші көпіріне соғылған. Салдарынан көпір құрылымы толықтай құлап түсті.
Оқиға болған учаске таза, жабынның сапасы жақсы, ақаусыз, барлық жол белгілері орнатылған II техникалық санаттағы жол болатын.
ҚазАвтоЖол жүк тасымалдау кезінде ерекше мұқият болуға шақырды:
- Жүктің габариттері мен бекіткіштерді тексеріңіздер;
- Маршрут талаптары мен техникалық нормаларды сақтаңыздар;
- Жол белгілері мен шектеулерге назар аударыңыздар.