Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Елімізде бүгін ауа райы қандай болады?

16 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстанда әртүрлі ауа райы күтіледі: кей өңірлерде жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін, ал кей жерлерде күн ашық болып, жылы жел соғады.
«Қазгидромет» елдегі негізгі қалалар бойынша болжамды ұсынды.

Елімізде бүгін ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөзден

Астана – күн бұлтты, түнде аздаған жаңбыр не қар жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс пен батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.

Көкшетау – жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Жел солтүстік-батыстан, екпіні күндіз 23 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.

Алматы – таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде +10…+12°C, күндіз +14…+16°C.

Қонаев – кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, найзағай кезінде екпіні 20 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде +9…+11°C, күндіз +16…+18°C.

Талдықорған – бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Жел батыстан 7–12 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C.

Шымкент – түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Күн бұлтты. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 20 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.

Түркістан – жауын-шашынсыз, кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, екпіні 20 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C.

Орал – жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5–10 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.

Атырау – күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C.

Ақтау – кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C.

Ақтөбе – күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 4–9 м/с. Түнде -3°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз +14…+16°C.

Қостанай – бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.

Петропавл – күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Жел батыс пен оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 28 м/с-қа дейін. Түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.

Павлодар – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C.

Семей – бұлтты, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.

Өскемен – түнде жаңбыр, күн бұлтты. Жел солтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату