Қазақстандық музыканың бұғатталуы қолданушылар мен авторлардың үлкен наразылығын тудырған болатын – себебі Instagram көптеген адам үшін шығармашылықты, өзін еркін танытуды және ұлттық мәдениетті ілгерілетуді жүзеге асыратын маңызды алаңға айналды.
Заң бойынша музыканы тек авторлар мен құқық иелерінің рұқсатымен ғана қолдануға болады. Бірақ енді – Әділет министрлігінің, «ҚазАҚ» қоғамдық бірлестігінің және Meta компаниясының бірлескен жұмысының арқасында бұл мәселе шешімін тапты: арнайы келісімге қол қойылып, қазақстандық әндерді әлеуметтік желілерде пайдалануға ресми түрде рұқсат берілді.
Бұл көбірек контент, көбірек шығармашылық еркіндік және қазақстандық музыканы әлемге танытудың тағы бір қадамы.