Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астана халықаралық әуежайында антитеррористік оқу-жаттығу өтіп жатыр

Астана халықаралық әуежайында антитеррористік оқу-жаттығу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.

Астана халықаралық әуежайында антитеррористік оқу-жаттығу өтіп жатыр
фото: gov.kz

Бүгін, 14 сәуірде елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай аумағында ҚР ҰҚК Антитеррористік орталығының ұйымдастыруымен «Найза-Антитеррор-2025» атты оқу-жаттығу басталды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жолаушылар мен қала тұрғындарынан жаттығу жұмыстарына түсіністікпен қарау сұралады. Оқу-жаттығу кезінде әуе және автокөлік қозғалысына шектеу қойылмайды.

Сондай-ақ азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау сұралады. Ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратпау қажеттігі ескертілді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату