Нәтижесінде «OzgeEpic Oral» хабында театр және көрме залдары, музыкалық, анимациялық дыбыс жазу студиялары, коворкинг алаңдары мен білім беру аймақтары пайда болды. Мұнда шеберлік сабақтары, көрмелер мен мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өтіп, жаңа жобалар жүзеге асырылады.
«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен осыған дейін креативті орталықтар Ақтөбе мен Петропавлда ашылды.
Соңғы төрт жылда «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы атынан БҚО-да 1,5 млрд теңге болатын 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Атап өтейік, креативті хаб Мәдениет және ақпарат министрлігі және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі бастамасымен, «Самұрық-Қазына» қолдауымен және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компанияларының серіктестігі негізінде ашылды.