weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сұмдық! Джей Лоның концертіне билет алушылардың саны орын санынан 2,5 есе көп

Дженнифер Лопестің концертіне билеттерді сатып алудағы ауқымды сұраныс: билет алушылардың саны орын санынан 2,5 есе көп. Бұл туралы Freedom Ticketon компаниясы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сұмдық! Джей Лоның концертіне билет алушылардың саны орын санынан 2,5 есе көп

Билеттерді сату 11 сәуір күні сағат 11:00-де басталды. Алғаш минуттарда 50 000-нан астам адам өздеріне және достарына билет сатып алуға ниет білдірді, бұл «Астана Арена» стадионының сыйымдылығынан көп.

Компания, сондай-ақ, билеттердің сатылуы басталғанға дейін ғаламтор желілерінде билеттерді сату туралы алаяқтық жарнамалар мен концертке қатысты жалған ақпараттар пайда болғанын атап өтті.

Дженнифер Лопестің Астана қаласындағы концертіне билеттер тек https://ticketon.kz/ ғана сайтында сатылады.Сайтқа келушілердің саны көп болуына байланысты виртуалды кезек қолданылады, ол бір уақытта сайтқа кірген пайдаланушылар санын шектейді. Бұл шара сайттың қалыпты жұмысын сақтап қалуға көмектеседі. Қазіргі кезде күту уақыты туралы ақпарат сайтта көрсетілген. Компания көрермендерден осы жағдайды түсіністікпен қабылдауды сұрайды,- делінген мәлімдемеде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→