Ассалаумағалейкум қазақ елі! Соңғы күндері әлеуметтік желіде маған және магнумға қатысты әңгіме болып жатыр. Сол туралы түсіндіріп кетсем деймін. Алдымен баршаңызға қолдау көрсетіп, жатқандарыңыз үшін үлкен рақмет айтамын. Өмір болған соң түсініспеушіліктер болып тұрады. Бірақ бәріміз қазақпыз ғой! Елімізге тыныштық пен татулық керек! Біз кездесіп, татуласып, қол алыстық! Қазір магнумда жұмысымды жалғастырып жатырмын. Бәрі жақсы! Жұмыс берушіге ешқандай шағым жоқ. Осымен мәселеге нүкте қойып, тоқтатсақ деймін. Бәріміз бір қазақпыз, үлкен рақмет!,- деді тасушы.