Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Арсенал» «Реалды» ойсырата жеңді

Лондонның «Эмирейтс» стадионында Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы матчы өтті. Онда «Арсенал» мен мадридтік «Реал» командалары кездесті. Ойынның бас төрешісі Ирфан Пельто болды.

«Арсенал» «Реалды» ойсырата жеңді
Фото: championat.com

Кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 58-минутта «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Деклан Райс айып соққысынан есеп ашты. 70-минутта тағы да Райс айып добынан екінші голын салып, дубль авторы атанды. Ал 75-минутта Лондон клубының тағы бір жартылай қорғаушысы Микель Мерино есепті ірі жеңіске жеткізді.

Жауапты матч 16 сәуір күні Мадридте өтеді.

Еске салайық, 1/8 финалда мадридтік «Реал» «Атлетиконы» жарыстан шығарған болатын. Қос кездесудің қорытындысы бойынша есеп — 2:2, пенальтиде 4:2 есебімен жеңіске жетті. Ал «Арсенал» бұл кезеңде Нидерландының ПСВ командасын 9:3 есебімен айналып өткен еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату