Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Еркекті ез қылуға болмайды»: Белгілі блогер актер Шәріп Серіктің әрекетіне пікір білдірді

Актер Шәріп Серіктің әрекетіне қатысты Ырысбала Икрамбай пікір білдірді,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Еркекті ез қылуға болмайды»: Белгілі блогер актер Шәріп Серіктің әрекетіне пікір білдірді
Фото: Stan.kz

Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай өз инстаграм парақшасында Шәріп Серік пен сүйіктісі арасында туындаған дауға қатысты пікір білді. Сөзінше, әйел адам отбасын ойласа, бір шапалаққа бола кетіп қалмауы тиіс.

«Отбасы болғаннан кейін бәрі болады. Қолының ұшы тигенге, лифтіден жұлқылап шығарғанға бола ажыраса беретін болсақ, неміз қалады? Бәрінен бұрын бала зардабын шегеді. Қазақтың қыздары деп айтқанда күштіміз, бірақ неге қазақтың қара сөзін дұрыс жерде қолданбаймыз? Барлық еркекті ез қылуға болмайды. Қыздар, біз де жетісіп тұрған жоқпыз», - деді ол.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату