Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Косшы қаласында 1,5 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті

Бүгін, 5 сәуір күні Косшы қаласындағы "Лесная поляна" тұрғын үй кешенінің ауласында қайғылы оқиға болды. Kia Sportage көлігі 1 жарым жасар бүлдіршінді қағып, сәби оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Косшы қаласында 1,5 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті
Фото: видеодан кадр (Halykstan)

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала аулада ересектеу балалардың жанында ойнап жүрген. Бір сәтте ол жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шығып, сол сәтте келе жатқан көлік оны қағып кеткен. Рөлде осы ауданда тұратын әйел адам болған. Ол кенеттен жүгіріп шыққан баланы байқамай қалған.

Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату