Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

1 сәуірге арналған ауа райы болжамы

1 сәуірде Астана мен еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды newsroom.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

1 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото:wikipedia

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату