Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстандағы биологиялық қаупсіздік

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік — қауіпті инфекциялармен күресте кешенді тәсілді талап ететін маңызды мемлекеттік саясат. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Альбина Өтемұратова мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстандағы биологиялық қаупсіздік
Фото:medcollege.ru

Биологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?
Бұл – адамдар мен қоршаған ортаның (ауа, су, топырақ, флора және фауна) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе.

Қазақстанда оба, туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы сынды аса қауіпті ауру ошақтары бар. Сонымен қатар, елімізге экзотикалық инфекциялардың сырттан әкеліну қаупі жоғары. Әсіресе, халықаралық әуе қатынасының қарқынды дамуы Эбола секілді инфекциялардың таралу қаупін күшейтеді.

COVID-19 пандемиясы биологиялық қауіпсіздік мәселесіне жүйелі түрде қарау қажеттігін көрсетті. Оған заңнамалық реттеу, ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту кіреді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

  • Биологиялық қауіптерді анықтау және оларға жедел әрекет ету үшін заманауи зертханалар мен мониторинг жүйесін дамыту.
  • Осы салада мамандарды даярлау.
  • Халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Тарих көрсеткендей, жаңадан пайда болған және қайта оралған инфекциялар тек халықтың денсаулығына ғана емес, ел экономикасының тұрақтылығына да әсер етеді. Сондықтан, биологиялық қауіпсіздік бойынша жаһандық шаралар өткен тәжірибені ескеріп, заманауи зерттеулерге сүйене отырып жүзеге асырылуы қажет.

Заңнамалық негіздер
2022 жылы Қазақстан Республикасының «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңы қабылданды. Ол биологиялық қауіпсіздікті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін белгілеп, денсаулық сақтау, экология, ветеринария, фитосанитария, азаматтық қорғаныс салаларындағы қауіп-қатерлердің алдын алуға және отандық ғылымды дамытуға бағытталған.

Мониторинг және санитарлық бақылау
Денсаулық сақтау министрлігі тәулік бойы аурулардың таралуын қадағалап, эпидемиологиялық жағдайға қатысты ұсыныстар әзірлейді.

Еліміздегі санитарлық қауіпсіздік шаралары аясында:

39 бақылау бекетінде (17 халықаралық әуежай, 5 теміржол өткелі, 2 теңіз порты және «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы) тәулік бойы санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі.

Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті 14 автомобиль өткізу бекетінде санитарлық қадағалауды қамтамасыз етеді.

Бұл шаралар елдегі санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату