Дәріске Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары мен елордалық жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 80-ден астам адам қатысты.
Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы барлық этностық топтар мен Қазақстан халықтарының ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірігуінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бастамаларын, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй салаларында қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Президент өз сөзінде экономикалық трансформация және саяси реформалар тақырыптарын қозғап, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану шараларына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, «жасыл» энергетика жобаларын дамыту, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілді сақтау және насихаттау бағыттарында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.
Анықтама:Вера Александровна Ким – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII-VIII шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың негізін қалаушы, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы.
Ол волонтерлермен жұмыс істейтін үйлестірушілерді даярлау бойынша кәсіби халықаралық тренер, волонтерлік бойынша халықаралық тренерлік сертификаттың иегері. «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының құрамында болды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына кірген.