Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады
Фото: Ақорда

Алматы қаласы әкімінің баяндамасынан:   

•  биылғы қаңтар-ақпан айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7 пайызға дейін артқан, жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім 6,4 пайызға өседі деп болжанып отыр;

• жыл соңына дейін құны 450 миллиард теңгеден астам қаражатқа 33 жаңа инвестициялық жоба іске асырылады. Биыл жалпы инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артады;

• аулалар, көше-жол желілері мен жасыл аймақтарды кешенді түрде күтіп, баптау үшін үш жылдық келісімшарт тәсілі енгізілді;

Президент бұған дейін шаһардың экологиялық жағдайын жақсарту, жыл соңына дейін қаладағы қоғамдық көліктерді экологиялық талапқа толық сай ету, сондай-ақ Алматының көлік құрылымын қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын. Кездесуде осы жұмыстардың нәтижелері баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевқа экология мәселесіне ден қойып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жыл соңына дейін сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Сондай-ақ Алматының орнықты дамуына қатысты берген тапсырмаларын мұқият орындау қажет екенін айтты.

 

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату