weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп Ақ үйде мұсылмандарға арнап ауызашар ұйымдастырды

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық мұсылман қауымының мүшелері мен бірнеше мұсылман елдерінің дипломаттары үшін ифтар (қасиетті Рамазан айында кешкі ас) берді. Ақ үйде өткізілген ифтар Трамптың екінші президенттік мерзімінің алғашқысы болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Трамп Ақ үйде мұсылмандарға арнап ауызашар ұйымдастырды

Мемлекет басшысы шарадағы сөзін «Рамазан айы құтты болсын» деп бастады. Америка басшысы 2024 жылдың қарашасында өткен президенттік сайлауда АҚШ мұсылмандарының өзіне көрсеткен қолдауына өте қуанышты екенін атап өтті.

Трамп сонымен қатар шараға Сауд Арабиясы, Мысыр, БАӘ, Катар, Ливан, Пәкістан және басқа да елдердің өкілдері қатысып жатқанын айтты.

"Мен 2024 жылғы президенттік сайлауда рекордтық қолдау көрсеткен жүздеген мың мұсылман американдықтарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. "Бұл керемет болды"- деді Трамп.

Америка басшысы бұдан да жарқын әрі үмітті болашаққа қол жеткізу үшін мұсылмандармен жұмыс істеуді асыға күтетінін айтты.