Сарапшылардың айтуынша, бұл халықтың айырбастау пунктеріне өткізген рубль көлемі сатылған мөлшерден әлдеқайда асып кеткенін көрсетеді.
Қаңтарда да қазақстандықтар рубльден белсенді түрде арылған еді, бірақ сол кезеңдегі таза сұраныс минус 9,5 млрд теңге болған. Ал ақпанда бұл көрсеткіш одан әрі төмендеп, 2020 жылдың басынан бері ең төменгі деңгейге жетті. Бұл жағдайдың басты себебі – ресейлік валютаның нығаюы. Ақпан айының қорытындысы бойынша, рубльдің орташа бағамы 5,47 теңгеге жетіп, қаңтармен салыстырғанда 6%-ға өскен.
Сонымен қатар, АҚШ долларына деген сұраныс айтарлықтай артқан. Айырбастау пунктеріндегі доллардың нетто-сатылымы 175 млрд теңгені құрап, қаңтармен салыстырғанда 45%-ға ұлғайды.
Айта кетсек, 2023 жылдың күзіне қарай Қазақстанда қолма-қол рубльге сұраныс айтарлықтай өсіп, жазғы көрсеткіштермен салыстырғанда ең жоғары деңгейге жеткені хабарланған болатын.