Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Енді шетелдік спортшыларға бюджеттен қаржы бөлінбейді

Бүгін Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді шетелдік спортшыларға бюджеттен қаржы бөлінбейді
Фото: baq.kz

Аталған заң аясында екі кодекске және бес заңға бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Олардың қатарында:

  • Басым спорт түрлерін анықтау енді рейтингке емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командалардың көрсеткен нәтижелеріне негізделмек.
  • Республикалық және өңірлік спорт федерацияларының атауы "ұлттық спорт федерациялары" болып өзгереді.
  • Жоғары жетістіктер спортына жататын басым спорт түрлерін бірінші кезекте қаржыландыру қарастырылады.
  • Спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби клубтарды ұстауға лимиттер белгіленеді.
  • Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады.
  • Спорт федерацияларын аккредиттеу талаптары күшейтіледі.
  • Бірыңғай оператор қаржысына спорт инфрақұрылымын салуға мүмкіндік беріледі.
  • Мемлекеттік спорт ұйымдарының басшыларын ротациялау енгізіледі.

Сонымен қатар, заң бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларды халықаралық жарыстарға жіберу кезінде оларды алып жүретін адамның шығындарын өтеуді қарастырады. Спорттық медицинаны дамыту, мамандандырылған медициналық көмек көрсету және оңалту жүйесін жетілдіру үшін ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымын құру ұсынылды.

Мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне де өзгерістер енгізілді. «Қазақстан азаматы болып табылатын және елімізде спорт саласында кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары атағын жеңіп алған спортшылар мемлекеттік қолдауға ие болады», – деді сенатор Әсем Рахметова.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату