Бұл – ел тарихындағы ең ірі табиғи апаттардың бірі. Өрт 22 наурызда бірнеше өңірде басталып, оған қатты жел мен құрғақ ауа райы түрткі болды.
Тілсіз жаумен күресуге жүздеген өрт сөндіруші мен әскери бөлімшелер тартылды. Жалын 43 000 гектардан астам аумақты шарпыды. Өрт салдарынан көне будда ғибадатханасы, тұрғын үйлер мен кәсіпорындар жойылды.
Санчхон өңірі апат аймағы деп жарияланып, қосымша мемлекеттік көмек бөлінді. Елдің уақытша президенті Хан Док-су зардап шеккен аймақтарға барып, эвакуациялық орталықтарда орналасқан тұрғындармен кездесті.