weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп Канадамен шекарадағы көлдің атауын өзгертті

АҚШ президенті Дональд Трамп Онтарио көлінің атауын АҚШ-тағы ресми федералдық қолданыста «Америка көлі» (Lake America) деп өзгерту туралы атқарушы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Трамп Канадамен шекарадағы көлдің атауын өзгертті
Фото: Ашық деректер көзі

Жарлық 27 тамызда қабылданған. Құжатқа сәйкес, жаңа атау АҚШ-тың федералдық географиялық атаулар жүйесінде қолданылатын болады. Алайда Вашингтонның бұл шешімі Канадаға немесе халықаралық ұйымдарға атауды өзгерту міндетін жүктемейді.

Онтарио көлі АҚШ пен Канада арасында орналасқан Ұлы көлдердің бірі. Сондықтан оның атауын өзгерту туралы шешім Канада тарапынан сынға ұшырады. Канадалық премьер-министр Марк Карни көлдің тарихи атауы сақталатынын мәлімдеді.

АҚШ пен Канада арасындағы сауда қатынастары шиеленісіп тұрған кезде қабылданған бұл шешім екі ел арасындағы саяси пікірталасты одан әрі күшейтті. Атауды өзгерту бастамасы жаңа тарифтер мен сауда келіссөздеріндегі келіспеушіліктер аясында жасалды.

Айта кетейік, бұл Трамп әкімшілігінің географиялық атауларға қатысты алғашқы шешімі емес. 2025 жылы президент Мексика шығанағын АҚШ-та «Америка шығанағы» деп атау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→