Жиынға журналистер, этностық БАҚ өкілдері, медиасарапшылар, медиаменеджерлер, блогерлер және баспасөз қызметінің мамандары қатысты.
Кездесуде қазіргі журналистиканың өзекті мәселелері, медианың қоғаммен ашық диалог қалыптастырудағы рөлі және қоғамдық маңызы бар ақпаратты заманауи форматта жеткізу жолдары талқыланды.
Іс-шара барысында Журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев қоғамдық-саяси үдерістерді ақпараттық сүйемелдеу бойынша тренинг өткізді. Ал PR-менеджер Елена Рыбина медиа, PR және қоғам арасындағы ашық диалог мәдениетіне тоқталды.
Медиатренер әрі журналист Ердәулет Калиев «Шешімдер журналистикасы» тақырыбында сөз сөйлеп, өңірлік медиада аудитория сұранысына сай әрі қоғамдық маңызы бар контент жасаудың заманауи тәсілдерін таныстырды.
Сонымен қатар өңірлік баспасөз қызметтерінің ақпараттық жұмысына сараптама жасалып, журналистер, баспасөз қызметтері мен медиа сарапшылар арасындағы кәсіби байланысты күшейту мәселелері қаралды.
Жиын соңында қатысушылар Журналистер клубын одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу алаңы ретіндегі рөлін арттыру және ақпараттық жұмыстың сапасын жетілдіру бағыттарын талқылады.