Әскери жасақ бастығы Ерасыл Төлеген мен патрульдеушілер Бекзат Мерлатов пен Диас Амангелді ең бірінші болып өртті байқап, дереу кезекшіге хабар берді.
Ұландықтар уақыт жоғалтпай, өрттің таралуын болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдап, аумақты қоршауға алды.
Сонымен қатар олар өрт сөндірушілерді шұғыл шақырды. Өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, қызыл жалынды ауыздықтады.
Ұландықтар мен өрт сөндірушілердің батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болды.
Айта кетейік, мереке күндері құқықтық тәртіп әскерлерінің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істейді.