Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры лауазымына Альмира Сабырғалиева тағайындалды. Бұл жайында AtyrauPress тілшісі жазды.
Жаңа басшыны ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледім. Альмира Талапқызы Сабырғалиева 1985-1992 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында «педиатрия» мамандығы бойынша білім алып, кейін облыстық балалар ауруханасында дәрігер-педиатр ретінде интернатурадан өтті.
Еңбек жолы:
• 1993 жылы Индер аудандық ауруханасында дәрігер-педиатр-инфекционист болып жұмысын бастады.
• 1993-2001 жылдары педиатр-инфекционист, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
• 2001-2002 жылдары Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер-инфекционист болды.
• 2002-2013 жылдары осы аурухананың бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды.
• 2013-2024 жылдары Атырау облыстық перинаталдық орталығында бас дәрігердің балалар мәселелері жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі, емдеу ісі жөніндегі орынбасары және әдістемелік ұйымдастыру басшысы болып қызмет етті.
Сонымен қатар, ол Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасында ана мен бала мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
"Альмира Сабырғалиеваның мол тәжірибесі мен кәсібилігі облыстық балалар ауруханасының дамуына үлес қосады деп сенеміз" делінген хабарламада.