Соңғы 24 сағатта 41 адам қаза тапқан. Жараланған 61 адам ауруханаларға жеткізілген.
Зардап шеккендердің жалпы саны 113 274-тен асты.
18 наурыздан бері Израиль Газаға жаппай соққы беруді қайта бастағаннан бері 673 адам қаза тауып, 1233-тен астам адам жарақат алды.
Айта кетейік, бұған дейін Газа секторына жасалған әуе соққысы кезінде ХАМАС саяси бюросының мүшесі қаза тапқан.
Бұдан бөлек, Израиль Газада әскери операциясын қайта бастаған үш күннің ішінде жергілікті биліктің мәліметі бойынша 600-ге жуық адам көз жұмған.