weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үш облыста жол жабылды

Еріген қар сулардың салдарынан Ақтөбе және Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды newsroom.kz  ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Үш облыста жол жабылды
Фото: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"

23 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы бойынша «Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Айта кетелік еліміздің 15 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланған еді.