Оқиға орнында екі адам қаза тауып, тағы үшеуі күйік жарақатын алды. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға жатқызылса, екеуі өз бетінше медициналық көмекке жүгінген.
Жарылыстан зардап шеккен үш науқас Шардара аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі ауыр жарақатына байланысты жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қалған екі науқас орташа деңгейдегі жарақат алып, хирургия бөліміне ауыстырылды.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін арнайы мамандар – комбустиолог пен реаниматолог шақыртылды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда екі науқастың жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.