“Салават Юлаев” шабуылшысы Джошуа Ливо бұл ойында гол соғып, ҚХЛ-дың бір маусымдағы ең көп шайба соғу рекордын жаңартты. Оның “Барыс” қақпасына енгізген шайбасы – маусымдағы 49-голы болды. Бұған дейін бұл рекорд ресейлік Сергей Мозякингетиесілі еді (48 шайба).
Джошуа Ливо “Салават Юлаев” сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетеді. Биылғы маусымда ол 62 матчта 80 (49+31) ұпай жинап, ерекше нәтиже көрсетті.
“Барыс” пен “Салават Юлаев” арасындағы соңғы кездесу қонақтардың 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Ливодан бөлек, уфалық команда сапынан Александр Хмелевский, Шелдон Ремпал және Скотт Уилсон мергендік танытты.
Ал “Барыс” құрамындағы жалғыз голды Аслан Жусупбеков соқты.