Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Білім саласындағы жемқорлық: бюджет ақшасы қайда кетіп жатыр?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы ірі көлемдегі қаржы жымқыру және пара алу фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады, деп жазады newsroom.kz.

Білім саласындағы жемқорлық: бюджет ақшасы қайда кетіп жатыр?
фото: aikyn.kz

Ақтөбе облысында білім сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы пара алу күдігіне ілінді. Ол білім беру мекемелерінің басшыларынан аттестациядан өтуге көмектесу үшін пара алған деген күдікпен тергелуде.

Қызылорда қаласында қалалық білім бөлімінің басшысы 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл қаражатты жергілікті тұрғынның туысын педагог ретінде жұмысқа орналастыру үшін алған.

Ақтөбе қаласында білім бөлімінің бас маманы 4,9 миллион теңгені заңсыз жалақы ретінде өзі алып отырғаны анықталды. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сотталғандар

Антикор білім саласындағы жемқорлыққа байланысты сот үкімдері шыққан істер туралы да хабарлады.

Алматы облысында Балқаш ауданы білім бөлімінің басшысы Акмолдаева Д. мен 8 бухгалтер 129,6 миллион теңгені заңсыз түрде жалақы ретінде алып, жымқырған.

Акмолдаева 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
Бухгалтерлер 2 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге сотталды, олар да мемлекеттік қызметте 3-10 жылға дейін жұмыс істей алмайды.

Талдықорғанда №12 мектептің бас бухгалтері Салпинова Г. мен бухгалтер Юсупова Н. 24,5 миллион теңгені өздеріне жалақы ретінде негізсіз аударған.

Салпинова 8 жылға, Юсупова 7 жылға сотталды. Екеуі де 10 жыл бойы мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда жұмыс істей алмайды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату