Атап айтқанда, тілтанушылар Қазақ тілінің ұлттық корпусы, әмбебап электрондық сөздік, қазақша мәтінді автоматты тану жүйесі сынды смарт-өнімдер мен ғылыми еңбектер әзірлеген. Зерттеу жобалары отандық ғылым саясатын іске асыруға, қазақ тіл білімін дамытуға ықпал етеді. Әрі бұл - мемлекеттік тілдің зияткерлік әлеуетін насихаттауға жасалған қадам, - дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, Президент қаңтар айында «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында цифрлық технологияларды қолдануға назар аударып, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілетілігі осыған байланысты, - деген.
Тағы да бір үлкен алғышарт – ол цифрлық форматта тілді дамыту. Ол тілдің болашақта тірі қалуының алғышарты. Қазіргі таңда жасанды интеллект саласында үлкен революция басталды екі жыл бұрын. Алгоритмдерді адам баласы секілді тіл арқылы мәтінді түсінуге, жалпы болып жатқан процестерді түсінуге үйрете бастады. Тілдің бір жүйеге келтірілуі, тілдің ұлттық корпустарын қалыптастыру, соның арнайы форматқа көшірілуі енді кез келген тілдің алдында тұрған үлкен тапсырма, міндет,- деді Саясат Нұрбек.