Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Аргентинада аза тұту күні жарияланды

Аргентинадағы Баия-Бланка қаласында бірнеше сағаттың ішінде 260 миллиметр жауын-шашын түсіп, жойқын тасқынға айналған болатын. Табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың саны 16-ға жетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы infobae сайтына сілтеме жасап.

Аргентинада аза тұту күні жарияланды
Сурет: unsplash.com сайтынан

Тағы екі адам із-түзсіз жоғалған. Жергілікті билік қалада 72 сағаттық аза тұту жариялады. Су тасқыны жолдарды шайып, көпірлер мен үйлерді қиратып өткен. Іздеу-құтқару жұмыстарына әскерилер мен авиация жұмылдырылды. Жалпы, апат 350 мың тұрғынға зардабын тигізді. Үкімет шығын көлемін 400 миллион доллар деп бағалап отыр, алайда қазіргі таңда тек 9 миллион доллар көмек бөлінген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату