Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ұшақта ақау болып Ақтау әуежайына қайта қонды

Ақтаудан Алматыға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұшақта ақау болып Ақтау әуежайына қайта қонды
Ашық дереккөзден

Бортта болған жолаушылар әлеуметтік желілерде ұшақ ішінде түтіннің иісі сезілгенін, кейін жарықтың да өшкенін жазды. Олардың айтуынша, экипаж мүшелері қобалжып, жағдайды толық түсіндіре алмаған. Кейіннен командир №1 қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлаған. Қуанышқа орай, Air Astana әуе компаниясы ұшақтың Ақтауға сәтті қонғанын мәлімдеді.

Куәгерлердің сөзінше, ұшақ күрт төмендеп, қатты дірілдей бастаған. Осы сәтте жолаушылардың бірі тілін кәлимаға келтірсе, енді бірі үрейге бой алдырмауға тырысқан. Ұшақ аман-есен қонған сәтте,  көпшілігі көз жастарына ерік бергенін айтады.  

Экипаж №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендеуі туралы техникалық ескертуді негізге ала отырып  қауіпсіздік хаттамасына сай әрекет еткен. Ал жолаушылар резервтік ұшаққа отырғызылып, сапарларын жалғастырған.  

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату