Баланың анасы – Шивон Зилис, ол бұрын SpaceX және Neuralink компанияларында жұмыс істеген. Миллиардер онымен бірге тағы үш баланы тәрбиелеп отыр. Зилис сәбиінің туғаны туралы X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Сонымен қатар, ол бір жасқа толған қыздарының есімін де жариялады – оның аты Аркадия.
Бұл жаңалық консервативті блогер Эшли Сент-Клэрдің екі апта бұрын ғана Илон Масктан ұл бала (R.S.C.) туғанын мәлімдегенінен кейін тарады. Бизнесмен бұл ақпаратты растамағанымен, сот оны балаға қамқорлық мәселесі бойынша тыңдауға қатысуға міндеттеді.
Қазіргі таңда Маск төрт түрлі әйелден кемінде 14 баланың әкесі ретінде танылып отыр. Оның канадалық жазушы Джастин Маскпен некесінен туған тұңғыш ұлы сәби кезінде шетінеп кеткен. Кейінірек бұл жұп егіздер мен үшемдерді дүниеге әкелген. Сондай-ақ, миллиардер әнші Граймспен бірге үш баланы тәрбиелеп отыр, олардың арасында ерекше есімімен танымал X Æ A-Xii да бар.
Өз кезегінде Илон Маск "демографиялық дағдарыспен күресуді" өзінің миссиясы деп санайтынын бірнеше рет айтқан.
«Мен халық санының азаюының алдын алу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасап жатырмын», – деген ол бір сұхбатында.