Air Astana әуе компаниясы 55 рейс қосады
Ішкі бағыттар:
- Астана – Алматы (+8 рейс)
- Атырау – Астана (+6 рейс)
- Атырау – Алматы (+3 рейс)
- Алматы – Шымкент (+2 рейс)
- Алматы – Қызылорда (+2 рейс)
- Алматы – Ақтау, Ақтөбе, Өскемен (+1 рейс)
- Астана – Ақтөбе, Орал, Қостанай (+1 рейс)
Халықаралық бағыттар:
- Алматы – Сеул, Ыстанбұл, Мале (+4 рейс)
- Астана – Ыстанбұл, Сеул (+4 рейс)
- Алматы – Бейжің (+2 рейс)
- Алматы – Тбилиси, Лондон, Душанбе, Баку, Камрань, Гуанчжоу (+1 рейс)
- Астана – Пхукет, Фукуок (+1 рейс)
Сондай-ақ, 30-31 наурыздан бастап Алматы – Нячанг, Астана – Нячанг, Алматы – Гуанчжоу бағыттарында тұрақты рейстер ашылады. 20 сәуірден бастап Алматы – Мумбай, 28 мамырдан бастап Атырау – Тбилиси, 1 маусымнан бастап Астана – Франкфурт бағыттары іске қосылады.
FlyArystan 33 қосымша рейс орындайды
- Астана – Алматы (+11 рейс)
- Астана – Орал (+4 рейс)
- Алматы – Шымкент (+3 рейс)
- Алматы – Қарағанды, Қызылорда (+2 рейс)
- Астана – Шымкент, Түркістан (+2 рейс)
- Алматы – Қостанай, Семей, Павлодар, Орал (+1 рейс)
- Астана – Қызылорда, Ақтау, Өскемен (+1 рейс)
4 маусымнан бастап Қарағанды – Ыстанбұл бағытында тұрақты рейстер ашылады.
SCAT 32 қосымша рейс қосады
- Астана – Алматы (+16 рейс)
- Астана – Шымкент (+8 рейс)
- Алматы – Шымкент (+8 рейс)
27-29 мамырдан бастап Шымкент – Каир, Шымкент – Сиань, Шымкент – Будапешт бағыттары бойынша тұрақты рейстер іске қосылады.
Qazaq Air жаңа бағыт ашады
1 мамырдан бастап Астана – Самарқанд бағытында тұрақты рейстер іске қосылады (аптасына 2 рейс). Сонымен қатар, Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Түркістан бағыттарында қосымша рейстер ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.
Билеттерді әуе компанияларының ресми сайттарынан сатып алуға болады. Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өзгермейді, алайда нарықтық факторларға байланысты (мысалы, ұшу күніне жақындаған сайын) баға құбылуы мүмкін.
Әуе компаниялары техникалық мүмкіндіктеріне қарай Наурыз мерекесі кезінде рейстер санын арттыру жұмыстарын жалғастыруда.