Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Наурызда кімдер баспаналы болады?

"Отбасы банк" АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова 5 наурыздан бастап банк порталында "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталатынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Наурызда кімдер баспаналы болады?
Фото: Inbusiness.kz

Оның айтуынша, оған барлық қазақстандықтар, соның ішінде халықтың осал топтарының өкілдері, жас отбасылар, жұмыс істейтін жастар, тұрғын үй төлемдеріне ие банк салымшылары, сондай-ақ қалалар мен ауылдық елді мекендердің еңбекке қабілетті халқы да қатыса алады. Оның үстіне соңғы 6 жылдағы депозит мөлшері туралы ақпарат маңызды емес, бірақ бағдарламаға қатысушылардың ресми табысы болуы тиіс.

17 наурызда "Наурыз" бағдарламасының тағы бір бөлігі болып табылатын "Наурыз Жұмыскер" бағдарламасы да іске қосылады. Барлығы екі бағдарлама қарастырылған: "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер". Олардың айырмашылықтарына тоқтала кетсек, мәселен "Наурыз" бағдарламасы жас отбасыларға көбірек бағытталған, ол арада барлық өтінімдер арнайы otbasybank.kz порталында қабылданады, іріктеу үлкен конкурстық жағдайда өтеді. Өтінімдерді қабылдау 31 наурызға дейін жалғасады. Іріктеу кезінде негізгі критерийлер соңғы 5 жыл ішінде басында баспанасының болмауы және жинақтарының болуы шарт: соңғы екі жыл ішінде қаражат жинаған жас отбасылар артықшылыққа ие болады, - деді ол.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату