Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қанат Шарлапаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

Шарлапаев Қазақстан Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Қанат Шарлапаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

"Мемлекет басшысының жарлығымен Шарлапаев Қанат Бисімбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі қызметін атқарған. Бұған дейін, 2022 жылдың ақпан айынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы болған. Ал одан бұрын, 2020 жылдан бастап "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтары бойынша стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату