Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 ақпан, 2025 / Перизат Ілес / Дін

2025 жылғы ораза кестесі: Алматы қаласы үшін ауыз бекіту және ауызашар уақыты

Алматы қаласы үшін  ораза кестесі жарияланды. Мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы биыл 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады,- деп хабарлайды newsroom.kz

2025 жылғы ораза кестесі: Алматы қаласы үшін ауыз бекіту және ауызашар уақыты
Фото: Qaz365.kz

Ал Ораза айт 30 наурызда басталады. Наурыз айының 26-нан 27-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Алматы қаласы үшін  ораза кестесі

Сәресіде оқылатын дұға:

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату