Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Өз қызына пышақ сұққан: СҚО-да ауыр қылмыс анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында ашу үстінде 11 жасар қызына пышақ сұғып алған әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өз қызына пышақ сұққан: СҚО-да ауыр қылмыс анықталды

СҚО сотының мәліметінше, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Анықталғаны, сотталушы И. 2013 жылы туған қызы А.-ның үй жұмысын тексеріп, дәптерінің жағдайына көңілі толмаған. Қолына ас үй пышағын алып, қызының сол және оң жақ жамбасына сұғып алған. Салдарынан жасөспірімнің денсаулығына ауыр зиян келіп, өміріне қауіп төнді.

Әйел сотта кінәсін толық мойындады. Өзі де, туған-туыстары да оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Қылмыстың бұл түріне 6-10 жыл жаза қарастырылған.

Сот И.-дің кінәсін толық мойындағанын, алғаш рет сотталып отырғанын және жүктілігін ескеріп, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Әйел жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде атқарады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату