2016 жылдың қазан айында алқабилер Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша үкімді қайтарған. Айыпталушы сотта үш айыпталушы болды: Нұрбек Әжімбай (ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды), Андрей Тихоненко (ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды) және Виталий Шерстенев (11 жылға бас бостандығынан айырылды).
«Сұрауда көрсетілген сотталғандар сот белгілеген жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеп жатыр», - деп хабарлады ҚҰАЖ Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.
Айта кетелік, Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 2016 жылы 3 ақпанда із-түзсіз жоғалған. 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұдан бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Е.Әубәкіровтің мәйітін тапқан болатын.