Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 ақпан, 2025 / Арайна Арайқызы / Дін

Оразаны бұзатын 5 нәрсе қандай?

Оразаны берік, шын ниетпен ұстау – мұсылман үшін үлкен ғибадат. Ауыз бекіткен адам белгілі бір уақытқа дейін ішіп-жеуден және басқа да оразаны бұзатын әрекеттерден сақтануы қажет. 

Оразаны бұзатын  5 нәрсе қандай?

Newsroom.kz тілшісі бұл мақалада оразаны бұзатын бес негізгі нәрсені қарастырды. 

 

  1. Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
  2. Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау; 
  3. Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; 
  4. Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
  5. Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады; 

Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.

(Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады).

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату