Заңда сондай-ақ «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесі» ведомствоаралық кешені арқылы еңбек шарттарын электронды тіркеуге көшу қарастырылған, бұл жұмысқа қабылдау рәсімін жеңілдетуі тиіс.
Сонымен қатар, орташа жалақыны есептеу, жалақысы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы, қызметкерлерді кешкі немесе сырттай оқуға оқыту ережелері нақтыланды.
Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.