Форумды ЮНЕСКО және Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясы (WFUCA), Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының, Қазақстан және Франция ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Екі күн бойы ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ үкіметтік, академиялық және бизнес саласының мамандары, соның ішінде ЮНЕСКО сарапшылары әлеуетті арттыру, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жасанды интеллектіні пайдалану этикасы, цифрлық технологияларды қолдану, тұрақты туризм, климаттың өзгеруі, инклюзия және көркем біліммәселелерін талқылайды.
Іс-шара аясында Қазақстанға ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі Х. Аббин, жасанды интеллект саласындағы әлемдік жетекші профессор Д-р В. Холмс, ДүниежүзілікЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясының Атқарушы кеңесінің мүшелері және басқа да тұлғалар арнайы жоғары мәртебелі қонақтар ретінде келеді.