weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

13 ақпанға арналған ауа-райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күн – 2025 жылдың 13- ақпан күні Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі 

13 ақпанға арналған ауа-райы болжамы
Qazaqstan TV

Астана қаласы

13 ақпанда Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, аздап қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C болады деп болжануда.  

Алматы қаласы

Алматыда 13 ақпанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, түнде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы баяу. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз +1…+3°C шамасында болады.  

Шымкент қаласы

Шымкентте 13 ақпанда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +4…+6°C болады деп күтілуде.  

Ескерту: Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда абай болыңыздар. Желдің күшеюі мен көктайғақ жағдайында сақтық шараларын ұстануды ұсынамыз.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→