Түркияның Афьон - карахисар қаласындағы ағаш кесетін нысанда шыққан өрт 12 сағаттан астам уақыт бойы ауыздықталды. Жұмысқа 60-тан астам өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Жалын зауыт ғимаратын түгел дерлік шарпыған. Оны жоюға қатты жел кедергі келтіруде, бұл өрттің көрші ғимараттар мен пластмасса шығаратын зауытқа да таралу қаупін тудырады.
Мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, Болжам бойынша, өрт электр сымдарының ақаулығынан болуы мүмкін, бірақ мамандар нақты нұсқасын әлі анықтаған жоқ.