Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ғашықтар күні: Жігітке арналған ТОП-5 сыйлық

14 ақпан – сүйіктіңе сезіміңді білдірудің тамаша мүмкіндігі. Жігітке сыйлық таңдау кейде қиынға соғуы мүмкін, бірақ бастысы – оның қызығушылықтары мен қалауын ескеру.

Ғашықтар күні: Жігітке арналған ТОП-5 сыйлық
mensby.com

Newsroom.kz тілшісі Ғашықтар күніне арналған ең жақсы 5 сыйлықтың идеясын ұсынады. 

1. Стильді аксессуарлар

Сағат, білезік, әмиян немесе белдік – кез келген жігітке жарасатын пайдалы әрі стильді сыйлық. Егер сүйіктің ерекше аксессуарларды ұнатса, оған гравировкасы бар бұйым сыйлауға болады.

2. Хоббиге арналған заттар

Әр жігіттің өз қызығушылығы бар. Егер ол спортпен айналысса – спорттық жабдықтар, музыканы ұнатса – наушник немесе музыкалық аспап, кітапқұмар болса – сүйікті жанры бойынша кітап тамаша таңдау болмақ.

3. Хош иісті парфюм

Жақсы парфюм – ер адамның стилін толықтыратын маңызды деталь. Егер жігітіңнің сүйікті иіссуы бар болса, дәл сол брендтен таңдауға болады. Ал жаңаша әсер қалдырғың келсе, классикалық немесе сергек ноталары бар парфюмге көңіл бөл.

4. Ерекше әсер сыйлау

Материалдық сыйлықтан бөлек, ұмытылмас әсер сыйлау – ерекше идея. Бұл романтикалық кешкі ас, картинг, атпен серуендеу немесе SPA процедурасы болуы мүмкін. Бастысы – сүйіктіңе ұнайтын нәрсені таңдау.

5. Жеке әзірленген сыйлық

Фотосуретпен жасалған кружка, махаббат хаты бар кітапша, кестеленген жейде немесе сүйіктіңнің есімі жазылған аксессуар – мұндай сыйлық ерекше әрі жүректен шыққан әсер қалдырады.

Ең бастысы – сыйлықты шын жүректен таңдау! Ғашықтар күнінде сүйіктіңді қуантуды ұмытпа!

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату